Құжаттар тізімі

Қазақстан Республикасының
Бас прокуратурасының жанындағы
Құқық қорғау органдары академиясының
Диссертациялық кеңесі туралы ережеге
2-қосымша

Академияның Диссертациялық кеңесіне ұсынылатын құжаттар тізбесі

1. Қорғауға қабылдағанға дейін:

1) докторант қорғайтын Диссертациялық кеңесті таңдау туралы Академия ректорының атына өтініш;

2) Ережеге 8-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Диссертациялық кеңес төрағасының атына диссертациялық жұмысты қорғауға қабылдау туралы өтініші;

3) жұмыс орны бойынша расталған отандық және шетелдік ғылыми кеңесшілердің пікірлері («Құқық қорғау қызметі» білім беру бағдарламасы (мамандығы) бойынша докторанттар үшін — отандық кеңесшілердің пікірлерінің болуы);

4) кеңейтілген отырыстың оң қорытындысы;

5) қатты мұқабада және электрондық тасымалдағыштағы (CD-диск) қазақ, орыс немесе ағылшын тілдерінде диссертациялық жұмыс (егер диссертация диссертациялық жұмыс нысанында қорғалған жағдайда);

6) 15 беттен аспайтын көлемдегі қазақ, орыс, ағылшын тілдеріндегі аннотациялар;

7) Ережеге 3-қосымшаға сәйкес Дәрежелерді беру қағидаларына сай ғылыми еңбектердің тізімі және олардың көшірмелері;

8) Үлгі ережеге 4-қосымшаға сәйкес Этикалық комиссияның қорытындысы.

9) диссертация тақырыбын бекіту, ғылыми кеңесшілердің тағайындауы туралы Ғылыми кеңес отырысы хаттамасының немесе өзге де куәландырушы құжаттардың үзінділері;

10) жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі туралы дипломдары, оларға қосымшалар (траскрипт). Докторант тегін ауыстырған жағдайда тегін ауыстырғанын растайтын құжат ұсынылады;

11) докторантураның білім беру бағдарламасын игеру туралы транскрипт;

12) Үлгі ережеге 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша докторант туралы мәліметтер;

13) жұмыс орны/оқу орны бойынша кадрлық қызмет куәландырған фотосуреттерімен бірге кадрларды есепке алу бойынша жеке парағы.

2. Қорғауға қабылдағаннан кейін:

1) ізденушінің автор мен дереккөзге сілтеме жасамай бөтен материалды пайдаланғаны бойынша диссертацияның тексерілгені туралы ҰМҒТСО-ның анықтамасы;

2) 2 ресми рецензенттің пікірі;

3.Диссертацияны қорғағаннан кейін:

1) қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде тегі, аты және әкесінің атының (ол болған жағдайда) жазылуы туралы мәлімет;

2) Үлгі Ережеге 6-қосымшаға сәйкес Диссертациялық кеңес мүшелерінің келу парағы;

3) толық көлемдегі бейнежазба және отырыстың стенограммасы қоса берілген диссертацияны қорғау бойынша төрағаның және Ғылыми хатшының қолы қойылған Диссертациялық кеңес отырысының хаттамасы;

4) ҰМҒТСО берген мемлекеттік тіркеу нөмірі бар Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2024 жылғы 1 қазандағы № 472 бұйрығымен бекітілген философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор ғылыми дәрежесін алуға қорғалған диссертацияларды мемлекеттік тіркеу қағидаларының 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша мемлекеттік және орыс тілдеріндегі диссертацияның есепке алу карточкасы;

5) докторлық диссертацияны мемлекеттік тіркеуді растайтын ҰМҒТСО хабарламасы.