ПРЕСС-РЕЛИЗ

2020 жылдың 18 қыркүйекте Академия Ғылыми кеңесінің кезекті отырысы өтті.

Отырыста 2020-2021 оқу жылына арналған Академия Ғылыми кеңесінің Жұмыс жоспары мен Прокуратура органдарына, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке және экономикалық тергеу қызметіне алғаш рет кіретін адамдарға арналған түсу емтихандарының бағдарламасы бекітілді және Академияның 2019-2023 жылдарға арналған стратегиясын іске асыру жөніндегі Іс-шаралар жоспарына түзетулер мақұлданды.

Ғылыми кеңес шешімімен «Депутатские фракции: исторический аспект, правовой статус, дальнейшее развитие» атты монография жариялауға ұсынылды (авторы А.Ж. Сыздыков).