29 наурызда Құқық қорғау органдары академиясында арнайы жоғары оқу орындарының студенттері арасында «Терроризм Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігіне қатер» тақырыбында құқықтық олимпиада өтті.
Іс-шараға Бас прокуратура жанындағы Құқық қорғау органдары академиясының және Ішкі істер министрлігінің білім беру мекемелерінің магистранттары мен докторанттары қатысты.
Сарапшылар және қазылар алқасының мүшелері ретінде Еуропалық құқық сараптамалық институтының директоры Марат Башимов, сондай-ақ Жоғарғы Сот жанындағы Сот төрелігі академиясының, Қазақ мемлекеттік заң және Еуразия ұлттық университеттерінің өкілдері шақырылды.
Олимпиада қатысушыларына арналған конкурстық тапсырмалар 3 кезеңге бөлінді. Бұл — ұлттық қауіпсіздік саласындағы заңнаманың теориялық білімін тексеру, ұсынылған ақпарат бойынша жедел ситуациялық талдау жүргізу, сондай-ақ ұсынылған тақырыптарға дебаттар.
Қазылар алқасының төрағасы Марат Баширов қорытындылай келе, іс-шараның маңыздылығы мен оның қатысушыларының жоғары дайындық деңгейлерін атап өтті.
Соңында жеңімпаздар мен белсенді қатысушыларға грамоталар, кубоктар және алғыс хаттар табыс етілді.