«Сексуалды құлдықтан шығару. «Притон» локациясында адам саудасымен күрес симуляциялық оқу жаттығулары аясында.
2019 жылғы 24-маусымнан бастап Бас прокуратура жанындағы Құқық қорғау органдары академиясының базасында ЕҚЫҰ-мен бірлесіп адам саудасының нақты жағдайларына әрекет ету бойынша симуляциялық жаттығулар өткізуде.
Мемлекеттік және мемлекеттік емес Еуропаның және Азияның 17 елінің өкілдері қатысуда.
Оқу жаттығулары аясында қатысушылар шығатын анықтамаларды алды.
Жедел және тергеу әрекеттерімен азаматтардың сексуалдық пайдалануын ұйымдастырған қылмыстық топ туралы қажетті ақпарат жиналды, «притон» орналасқан жерді, қатысушылардың ықтимал тобы, олардың байланыстары мен қаржы ағындары анықталды.
2019 жылға 27-маусымда күдіктілерді тартып, әлеуетті құрбандарды босату жоспарланып отыр.
Содан кейін қылмыстық істі сотқа жіберу үшін қылмыстың барлық жағдайларын анықтау үшін қажетті іс-шаралар жалғастырылатын болады.
Осылайша, бүгінгі жаттығуларға қатысушылар еңбек құлдығынан 5 адамды «анықтады» және «босатты». 2 күдікті қамауға алынды.
Қатысуға тілек білдіруші журналисттерді 2019 жылғы 27-маусымда сағат 10.00-ге дейін 8 702 482 05 95 телефоны немесе 7171229@prokuror.kz электронды мекен-жайы бойынша аккредиттеуден өтуге шақырылады.
Жаттығу аяқталғаннан кейін осы саладағы отандық немесе шетел мамандарынан сұхбат алу мүмкіндігі болады.
Аккредиттелген БАҚ өкілдерінің келуін а.ж. 27-маусымда сағат 14.15-ен кешікпей келуін қамтамасыз етуді сұраймыз.
Өтетін орны: Қосшы ауылы, Республика көшесі, 16.