Бүгін Құқық қорғау органдары академиясында Президенттік резервте тұрған қызметкерлердің біліктілігін арттырудың кезекті курстары басталды.
Оқытудан прокуратура, ішкі істер органдарының, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет және экономикалық тергеу қызметінің басшылары өтеді.
Іс-шараны аша отырып, Академия ректоры Ерғали Мерзадинов құқық қорғау органдарының кәсіби өзегін сапалы нығайту, жаңа формацияның тиімді басшыларын дайындау контексінде Президенттік резерв институтының маңызды рөлін атап өтті.
Оқытудың басты мақсаты-жоғары тұрған басшы лауазымдарға тағайындау үшін қажетті кәсіби және басқарушылық құзыреттілікті жетілдіру.
Курс заманауи басшыны қажетті, маңызды және пайдалы біліммен қаруландырады. Тыңдаушылар Стратегиялық менеджмент пен жоспарлаудың қазіргі заманғы технологияларын меңгереді, көшбасшылық және коммуникативтік қасиеттерді дамыту, ұжымды тиімді басқару дағдыларын меңгереді, әртүрлі дағдарыстық жағдайларда жедел және барабар шешімдер қабылдауға үйренеді.
Бұған білім беру үдерісін ұйымдастырудың заманауи инновациялық тәсілдері, курс тақырыптары, тренерлер пулы, оқыту әдістемесі бағытталған.
Тренингтер мен шеберлік сағаттарды белгілі мемлекет қайраткерлері, құқық қорғау органдарының басшылары, беделді ғалымдар мен тәжірибелі мамандар өткізеді.