Алматы қаласы прокуратурасының базасында құқық қорғау органдары академиясы мен ЕҚЫҰ-ның Нұр-сұлтан қаласындағы бағдарламалар офисімен бірлесіп ұйымдастырылған браконьерлікке қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша семинар-тренинг өтті.
Оның жұмысына табиғат қорғау прокурорлары мен полиция қызметкерлері, орман және аңшылық шаруашылығы субъектілерінің қоғамдық бірлестіктерінің, басқа да мүдделі мемлекеттік органдар мен халықаралық ұйымдардың өкілдері, ғылыми қызметкерлер қатысты.
Тренинг барысында браконьерлікпен күресудің өзекті мәселелері, табиғатты қорғау қызметін заңнамалық қамтамасыз етудің және отандық құқық қолдану тәжірибесінің тиімділігін арттыру, қоршаған ортаны қорғау саласындағы үздік шетелдік тәжірибемен танысу мәселелері талқыланды.
Қорықшыларды өлтіру бойынша нақты қылмыстық істердің материалдарын талдау негізінде тыңдаушылар төтенше жағдайларға аумақтық инспекциялар қызметкерлерінің бірыңғай әрекет ету алгоритмін пысықтады. Сарапшылардың пікірінше, мұндай тәртіп жергілікті жерлердегі жұмыс тиімділігін жақсартуға ғана емес, бірінші кезекте адамдардың өмірін сақтап қалуға көмектеседі.
Тренингтің маңызды қорытындысы Алматы мемлекеттік табиғи қорығының аумағында сирек кездесетін және жойылып бара жатқан жануарлар түрлерінің санын сақтау бойынша пилоттық жобаны іске қосу туралы шешім болды. Фотокамера-ловушкаларды анықтау және мониторинг жүргізу браконьерлердің іс-әрекеттерін қадағалауға және жолын кесуге, сондай-ақ уәкілетті тұлғалар тарапынан сыбайлас жемқорлық көріністерін болдырмауға мүмкіндік береді.