Құқық қорғау органдары академиясында қазақтың ұлы ақыны, ағартушы Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына арналған «Абай поэзиясы» атты шығармашылық кеш өтті.
Іс-шараға Академияның профессор-оқытушылар құрамы, қызметкерлері мен тыңдаушылары қатысты.
Жиналған қауым алдында Назарбаев Университетінің «Рухани жаңғыру» мәдени орталығының директоры, профессор Гүлтас Құрманбай ақынның шығармашылығы туралы айтып, Абайдың Қара сөздеріне тоқталды.
Қазақ ұлттық өнер университетінің Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер және Арт-менеджмент кафедрасының меңгерушісі, профессор Айман Қаудырова «Абай және драма» тақырыбына баяндама жасады.
ҚР еңбек сіңірген қайраткері Ләйлә Бекназардың жетекшілігімен Театр ЖОО студенттері ақынның шығармаларынан драмалық қойылым ұсынды.
Сонымен қатар шара аясында Академия кітапханасы «Әлем таныған – дана Абай» атты кітап көрмесін ұйымдастырып, сахнада ұлы ақынның өлеңдері мен әндері шырқалды.
Студенттер Абайға арнаған өз шығармаларын оқыды.