ЕШНАЗАРОВ АЛМАЗ АЛГАЗҰЛЫ
Кафедра меңгерушісі
Сынып дәрежесі: әділет кеңесшісі
Ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы, академиялық дәрежесі: заң ғылымдарының кандидаты
Ғылыми-педагогикалық жұмыс өтілі: 14 жылдан астам
Кандидаттық диссертация тақырыбы: «Қылмыстық процесте артықшылықтар мен иммунитеттер (Қазақстан Республикасының заңнамасы бойынша)» (12.00.09: қылмыстық процесс, криминалистика және сот сараптамасы; жедел-іздестіру қызметі – мамандығы бойынша).
Ғылыми қызығушылықтар саласы: қылмыстық-процестік құқығы, жүктеме нормативтері, экстремизмге және терроризмге, киберқылмысқа және адам саудасына қырсы іс-қимыл.
Білім және ғылым министрлігінің ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметінің субъектісі ретінде аккредиттеу туралы куәлігі бар (2020 жылғы 3 тамыздағы сериясы МК 006228).
Ғылыми еңбектері: 30-дан астам жарияланған жұмыстары бар (ғылыми мақалалар, оқу әдістемелер мен құралдар).
Магистратурада және докторантурада оқытылатын пәндер:
— Қылмыстық сот өндірісінде қылмыстық процестік мәжбүрлеу шараларын қолдану практикасы;
— Өзге де қылмыстық-құқықтық ықпал ету шараларын құқықтық реттеу және іске асыру практикасының проблемалары;
— Жаза және өзге де қылмыстық-құқықтық ықпал ету шаралары институттарының қылмыстық-құқықтық және пенитенциарлық проблемалары;
— Жеке адамға қол сұғушылықтарға қарсы іс-қимыл;
— Қазақстан Республикасының заңнамасын құқық қорғау қызметінде қолданудың теориясы мен практикасы;
— Қылмыстық-процестік құқық бойынша практикум.
ЖЕМПИИСОВ НАЗАРБЕК ШАРУАНҰЛЫ
Профессор
Сынып дәрежесі: аға әділет кеңесшісі
Ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы, академиялық дәрежесі: заң ғылымдарының кандидаты
Ғылыми-педагогикалық жұмыс өтілі: 20 жылдан астам
Кандидаттық диссертация тақырыбы: «Уголовная ответственность за лжепредпринимательство» (мамандығы: 12.00.08: қылмыстық құқық және криминология; қылмыстық – атқару құқығы).
Ғылыми қызығушылықтар саласы: криминология және қылмыстық құқық мәселелері, ұлттық қауіпсіздік, геосаясат, макроэкономика.
Ғылыми еңбектері: 50-ден астам ғылыми жұмысы бар, оның ішінде: қаржы полициясының тергеуіне жатқызылған қылмыстар бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің баптарына түсіндірме; Оқу құралдары: «Заңды тұлғалардың қылмыстық жауапкершілігі» (тең автор), «Криминология (Жалпы бөлім)».
Докторантурада оқытылатын пәндер:
– Қылмысқа қарсы іс-қимыл стратегиялары;
– Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігін мемлекеттік-құқықтық қамтамасыз ету.
ХАН ВИТАЛИЙ ВЯЧЕСЛАВОВИЧ
Профессор
Сынып дәрежесі: әділет кеңесшісі
Ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы, академиялық дәрежесі: заң ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор
Ғылыми-педагогикалық жұмыс өтілі: 21 жыл
Кандидаттық диссертация тақырыбы: ««Англосаксонская модель досудебного производства по уголовным делам (на примере современного законодательства Англии и США)» (мамандығы: 12.00.09:қылмыстық процесс; криминалистика және сот сараптамасы; жедел-іздестіру қызметі).
Ғылыми қызығушылықтар саласы: қылмыстық процестің, құқық қорғау органдары мен сот билігінің теориясы мен тарихы мәселелері; қылмыстық сот ісін жүргізуде жеке адамның құқықтары мен бостандықтарының конституциялық және процессуалдық кепілдіктерін іске асыру мәселелері; құқық қорғау және сот қызметінің құқықтық және ұйымдастырушылық негіздері; сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет ету тетіктері; сотқа дейінгі қылмыстық іс жүргізу туралы ілім; процессуалдық мәжбүрлеу шараларының тұжырымдамасы және сот дәлелдемелерінің теориясы; қылмыстық қудалауға балама және қылмыстық қуғын-сүргін; қылмыстық іс жүргізу құқығын оқыту әдістемесі.
Ғылыми еңбектері: 100-нан астам ғылыми жұмыстардың авторы.
Докторантурада оқытылатын пәндер:
— Қылмыстық-процестік құқықтың теориялық мәселелері;
— Қылмыстық-процестік құқық теориясы;
— Қылмыстық процестің өзекті проблемалары.
АВГУСТХАН СЫРЫМ АВГУСТХАНҰЛЫ
Доцент
Сынып дәрежесі: әділет кеңесшісі
Ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы, академиялық дәрежесі: «Құқықтану» мамандығы бойынша PhD докторы.
Ғылыми-педагогикалық жұмыс өтілі: 12 жылдан астам
Докторлық диссертация тақырыбы: «Проблемы правового и криминолого – криминалистического обеспечения расследования насильственных преступлений, совершаемых в уголовно-исправительных учреждениях в странах СНГ».
Ғылыми қызығушылықтар саласы: қылмыстық құқық, қылмыстық-атқару құқығы, қылмыстық құқық бұзушылықтарды саралау мәселелері, пробацияның проблемалық сұрақтары.
Ғылыми еңбектері: 30-дан астам ғылыми жұмыстардың авторы.
Магистратурада және докторантурада оқытылатын пәндер:
— Қалпына келтіруші сот төрелігі институтының проблемалары;
— Жеке адамға қол сұғушылықтарға қарсы іс-қимыл;
— Жаза және өзге де қылмыстық-құқықтық ықпал ету шаралары институттарының қылмыстық-құқықтық және пенитенциарлық проблемалары;
— Қылмыстық және қылмыстық-атқару заңнамасын қолданудың теориясы мен практикасының өзекті проблемалары;
— Жеке тұлғаны қылмыстық-құқықтық қорғау проблемалары.
АЛИБЕКОВА АСЕЛЬ МУРАТОВНА
Доцент
Сынып дәрежесі: кіші әділет кеңесшісі
Ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы, академиялық дәрежесі: заң ғылымдарының кандидаты
Ғылыми-педагогикалық жұмыс өтілі: 24 жыл
Кандидаттық диссертация тақырыбы: «Уголовно-правовая и криминологическая характеристика незаконного предпринимательства» (мамандығы: 12.00.08: қылмыстық құқық және криминология; қылмыстық – атқару құқығы).
Ғылыми қызығушылықтар саласы: қылмыстық құқық және қылмыстық-атқару құқығы.
Ғылыми еңбектері: Қылмыстық құқығы мәселелері бойынша 30 астам басылымға шыққан мақалалары бар. Қылмыстық құқық бойынша тапсырмалар жинағы мен үш оқулықтың, Қылмыстық кодекске түсініктеме мен оқу құралының тең авторы.
Магистратурада және докторантурада оқытылатын пәндер:
— Сыбайлас жемқорлық қылмысқа қарсы іс-қимылдың қылмыстық-құқықтық шараларының проблемалары;
— Өзге де қылмыстық-құқықтық ықпал ету шараларын құқықтық реттеу және іске асыру практикасының проблемалары;
— Қылмыстық құқық бұзушылықтарды саралаудың проблемалары;
— Жаза және өзге де қылмыстық-құқықтық ықпал ету шаралары институттарының қылмыстық-құқықтық және пенитенциарлық проблемалары;
— Қылмыстық саясатты құқықтық реттеу және іске асыру проблемалары.
АМУРТАЕВА ДИНАРА ТАЛҒАТҚЫЗЫ
Доцент
Сынып дәрежесі: 1-ші сыныпты заңгер
Ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы, академиялық дәрежесі: заң ғылымдарының кандидаты
Ғылыми-педагогикалық жұмыс өтілі: 24 жыл
Кандидаттық диссертация тақырыбы: «Проблемы квалификации причинения тяжкого вреда здоровью по уголовному законодательству Республики Казахстан» (мамандығы: 12.00.08: қылмыстық құқық және криминология; қылмыстық – атқару құқығы).
Ғылыми қызығушылықтар саласы: қылмыстық құқық, криминология қылмыстық-атқару құқығы, қылмыстық құқық бұзущылықты саралау мәселелері, пробация және сот төрелігін қалпына келтірудің проблемалық мәселелері.
Ғылыми еңбектері: 60-тан аса БжҒБК және РҒДИ журналдарында импактфакторлы басылымдары бар. «Қазақстан Республикасының трансұлттық ұйымдастырылған қылмысқа қарсы қылмыстық-құқықтық шаралар» атты мемлекеттік және орыс тілдерінде екі оқу құралы жарык көрді.
Магистратурада және докторантурада оқытылатын пәндер:
— Қазақстан Республикасында прокурорлық қадағалауды жүзеге асырудың проблемалары
— Жеке адамға қол сұғушылықтарға қарсы іс-қимыл
— Қазақстан Республикасындағы прокурорлық қызмет. Практикум
— Қазақстан Республикасында пробация институтын қолдану практикасы;
— Қалпына келтіруші сот төрелігі институтының проблемалары.
БАЙМАХАНОВ АРТУР АЛИШЕРҰЛЫ
Доцент
Әділет кеңесшісі, «Құқықтану» мамандығы бойынша PhD докторы
Ғылыми-педагогикалық қызмет тәжірибесі: 5 жыл.
Диссертация тақырыбы: «Кәмелетке толмаған адамды тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді орындамауды немесе тиісінше орындамауды тергеп-тексерудің және алдын алудың ұйымдық-құқықтық аспектілері».
Ғылыми қызығушылығы: қылмыстық құқық, криминалистика, криминология, қылмыстық-атқару құқығы, қылмыстық құқық бұзушылықтарды саралау мәселелері.
Ғылыми-зерттеу қызметі: 20-дан астам ғылыми жұмыстардың авторы.
Магистратурада және докторантурада келесі пәндер бойынша сабақтар өткізеді:
— Жымқыруды тергеуді ұйымдастырудың ерекшеліктері;
— Қазақстан Республикасының заңнамасын құқық қорғау қызметінде қолданудың теориясы мен практикасы;
— Қазақстан Республикасында прокурорлық қадағалауды жүзеге асырудың проблемалары;
— Жазалар мен өзге де қылмыстық-құқықтық ықпал ету шараларды орындаудың теориясы мен практикасы;
— Қылмыстық құқық бұзушылықтарды саралаудың проблемалары;
— Заманауи криминалистикадағы новеллалар;
— Кәмелетке толмағандардың қауіпсіздігін қамтамасыз етудің проблемалары.
ФИЛИПЕЦ ОКСАНА БОРИСОВНА
Доцент
Сынып дәрежесі: әділет кеңесшісі
Ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы, академиялық дәрежесі: заң ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор
Ғылыми-педагогикалық жұмыс өтілі: 24 жылдан астам
Кандидаттық диссертация тақырыбы: «Отсрочка отбывания наказания по уголовному права Республики Казахстан» (12.00.08: қылмыстық құқық және криминология; қылмыстық-атқару құқығы мамандығы)
Ғылыми қызығушылықтар саласы: қылмыстық құқық, қылмыстық -атқару құқығы.
Білім және ғылым министрлігінің ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметінің субъектісі ретінде аккредиттеу туралы куәлігі бар (ММ 2014 жылғы 28 наурыздағы № 003942).
Ғылыми еңбектері: Қылмыстық және қылмыстық-атқару құқығы мәселелері бойынша, сондай-ақ пәндерді оқыту әдістемесі бойынша 80 басылымға шыққан мақалалары бар. Бір оқу құралының авторы; қылмыстық құқық бойынша екі тапсырмалар жинағы мен екі оқулықтың, Қылмыстық кодекске түсініктеме мен бір монографияның тең авторы.
Магистратурада және докторантурада оқытылатын пәндер:
— Қазақстан Республикасының заңнамасын құқық қорғау қызметінде қолданудың теориясы мен практикасы;
— Жаза және өзге де қылмыстық-құқықтық ықпал ету шаралары институттарының қылмыстық-құқықтық және пенитенциарлық проблемалары;
— Өзге де қылмыстық-құқықтық ықпал ету шараларын құқықтық реттеу және іске асыру практикасының проблемалары;
— Қылмыстық және қылмыстық-атқару заңнамасын қолданудың теориясы мен практикасының өзекті проблемалары.
— Меншікке қарсы қылмыстық құқық бұзушылықтарды саралаудың ғылыми негіздері
САДЫҚОВ МҰХТАР БЕЙБІТҰЛЫ
Аға оқытушы
Сынып дәрежесі: кіші әділет кеңесшісі
Ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы, академиялық дәрежесі: заң ғылымдарының магистрі (В.Ф. Яковлев атындағы Урал мемлекеттік заң университеті, Екатеринбург қ., Ресей Федерациясы), мемлекеттік басқару магистрі (Nazarbayev university)
Қазақстан Республикасы Президентінің халықаралық «Болашақ» стипендиясының екі дүркін стипендиаты: бакалавриат (үздік дипломмен) – ақпараттық жүйелер (Мультимедиа университеті, Малайзия), тағылымдама – Халықаралық қаржы орталықтарының жұмыс істеуінің құқықтық және қаржылық аспектілері (University of California in Los Angeles, АҚШ)
Ғылыми-педагогикалық жұмыс өтілі: 3 жыл
Диссертация тақырыбы: «Мемлекеттік бақылау (қадағалау) және муниципалды бақылау органдарының прокурорлық тексерулері: салыстырмалы құқықтық талдау (Ресей Федерациясы мен Қазақстан Республикасының мысалында)», «Pension system reform in Kazakhstan based on experience of Singapore».
Ғылыми қызығушылықтар саласы: киберқылмыспен күрес, жасанды интеллектті құқықтық реттеу, ақпараттық құқық, цифрландыру.
Ғылыми-зерттеу қызметі: 8 ғылыми еңбек, оның 3-і уәкілетті орган ұсынған басылымдарда (ҚР ҒЖБМ ҒЖБССҚК), Scopus деректер базасына енгізілген халықаралық журналда 1 мақала, халықаралық конференциялар жинақтарында 4 мақала.
2023 жылы Universiti Utara Malaysia-да өткен конференцияда М.Б.Садықовтың мақаласы. 9 елден келген 200 қатысушының арасында үздік 3 мақаланың бірі болып танылды және Best Paper Award номинациясында жеңіп алды.
Магистратурада және докторантурада оқытылатын пәндер:
— «Құқық қорғау қызметіндегі ақпараттық қауіпсіздік»;
— «Мемлекеттік сатып алу туралы заңнаманы құқықтық рәсімдеу және қолдану практикасы: сыбайлас жемқорлық қауіптері»;
— «Ақпараттық технологияларды құқықтық реттеу»;
— «Ақпараттық жүйелерді құқықтық реттеу және құқық қорғау органдарында киберқауіпсіздік мәселелері».
ТУЛЕУОВА МУЛДИР ЕРЛАНОВНА
Аға оқытушы
(2024 жылғы 23 мамырда қызметке тағайындалды)
Сынып дәрежесі: әділет кеңесшісі
Ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы, академиялық дәрежесі: заң ғылымдарының магистрі.
Ғылыми-педагогикалық жұмыс тәжірибесі: 10 жыл
Магистрлік диссертацияның тақырыбы: «Алдын ала тергеу сатысында қорғаушының қатысуы, қылмыстық процеске қатысушылардың құқығын қорғауды қамтамасыз етудің құралы: проблемалы аспектілері»
Ғылыми қызығушылықтар саласы: Қылмыстық-процестік құқық.
Ғылыми еңбектері: 50-дан астам жарияланған жұмыстары бар.
Магистратурада оқытылатын пәндер:
— Қазақстан Республикасының заңнамасын құқық қорғау қызметінде қолданудың теориясы мен практикасы;
— Қылмыстық-процестік мәжбүрлеу шараларын құқықтық реттеу және құқық қолдану практикасының мәселелері;
НҰРХАН АЙБАР СЕРІКҰЛЫ
Аға оқытушы
(2024 жылдың 21 қазанында Кәсіптік оқыту институтына ауыстырылды)
Сыныптық шені: кіші әділет кеңесшісі
Білімі: жоғары
Ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы: Доктор PHD
Ғылыми-педагогикалық жұмыс өтілі: 3 жыл
Диссертация тақырыбы: «Қылмыстық теріс қылықтар үшін көзделген жазалар жүйесі: заманауи жағдайы және даму үрдістері».
Ғылыми қызығушылықтар саласы: қылмыстық құқық, қылмыстық процесс.
Ғылыми-зерттеу жұмыстары: 20-дан астам жарияланған жұмыстары бар (ғылыми мақалалар, оқу әдістемелер мен құралдар, монографиялар).
Оқытылатын пәндер:
— «Қылмыстық құқық бұзушылықтарды саралаудың проблемалары: теория және практика»;
— «Қазақстан Республикасының қылмыстық қудалау органдарының теориясы мен практикасындағы жасырын тергеу әрекеттері»;
— «Жымқыруды тергеуді ұйымдастырудың ерекшеліктері»;
— «Қылмыстық құқық бойынша практикум».