Ведомствоаралық ғылыми-зерттеу институтының басшылығы

ӘСЕТ НУРЛАНҰЛЫ ДУЛАТБЕКОВ

Институт директоры

Аға әділет кеңесшісі

Білімі: Ресей Федерациясы Ішкі істер министрлігінің В.Я. Кикотя атындағы Мәскеу университеті; Мәскеу қаржы-заң академиясы; Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы; «Болашақ» бағдарламасы бойынша Дьюк университеті (Солтүстік Каролина, АҚШ).

Ғылыми дәрежесі: PhD докторы, LL.M.

Практикалық қызметі: құқық қорғау органдары жүйесінде 20 жылдан астам уақыт қызмет атқаруда. 2011 жылдан бері прокуратура органдарында жұмыс істейді. Бірқатар лауазымдарды, оның ішінде Астана қаласының «Алматы» ауданы прокуратурасында, Астана қаласының прокуратурасында, Бас прокуратурада, Активтерді қайтару жөніндегі комитетте басшылық лауазымдарды атқарған. 2025 жылдың қараша айынан бастап Академияда жұмыс істейді.

Ғылыми қызығушылықтары: қылмыстық, қылмыстық-процесстік құқық, қаржы және кредит, активтерді қайтару, халықаралық коммерциялық және қаржылық құқық, мемлекеттік басқару.

Ғылыми-зерттеу қызметі: құқық және мемлекеттік басқару саласындағы 20-дан астам ғылыми жарияланымның, оның ішінде 3 Scopus индекстелген журналдарында жарияланымның және 3 монографияның авторы.

 

ЖАҚИЯЛИН АЙДОС ЖАҢБЫРБАЙҰЛЫ

Институт директорының орынбасары — Орталық бастығы

Аға әділет кеңесшісі

Кәсіби өтілі: аудандық, облыстық және республикалық деңгейдегі жұмыс тәжірибесі. Орталық аппарат бөлімшелеріне басшылық ету, Жоғарғы Сот деңгейінде сот практикасын қалыптастыруға қатысу. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметінің және активтерді қайтару саласындағы тәжірибесі.

Жетістіктер: Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының ведомстволық наградаларымен марапатталған: II дәрежелі «Прокуратура үздігі», II, III дәрежелі «Мінсіз қызметі үшін», «Қазақстан прокуратурасына 25 жыл».

Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Активтерді қайтару жөніндегі комитетінің «Құрмет тақтасына» енгізілді.

Ғылыми қызығушылығы: азаматтық, жер, кәсіпкерлік құқық, заңсыз алынған активтерді қайтару саласындағы, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы заңнама.

Ғылыми-зерттеу қызметі: «Қазақстан Республикасындағы тыйым салынған және тәркіленген активтерді басқару: жай-күйі және болашағы» зерттеуінің жетекшісі. Норма шығармашылық және практикалық жұмыста қолданылатын активтерді басқарудың авторлық моделі әзірленді.

Академия ректорының 28.08.2026 жылғы 20р/ бұйрығымен қылмыстық, қылмыстық-процестік, қылмыстық-атқару және әкімшілік заңнаманы жетілдіру жөніндегі жұмыс тобының мүшесі болып табылады.