Құқықтық актілердің тілдік сапасы: заманауи тәсілдер мен цифрлық шешімдер

Нормативтік құқықтық актілер мәтіндерінің тілдік сапасын қамтамасыз етудің заманауи тәсілдерін Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясының магистранттары мен докторанттары ғылыми семинар барысында зерделеді.

Норма шығару процесін лингвистикалық сүйемелдеу тетіктерін жетілдіру мәселелері бойынша Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Заңнама және құқықтық ақпарат институтының Лингвистика және құқықтық терминология орталығының басшысы, заң ғылымдарының кандидаты Елеужан Серімов және Орталықтың бас ғылыми қызметкері, филология ғылымдарының кандидаты Нұршат Жұмаділ баяндама жасады.

Семинардың практикалық бөлімі «QAZGRAMMA» көпфункционалды бағдарламалық кешенінің презентациясымен толықтырылды. «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы мен Академияның мамандары жасанды интеллект негізінде мемлекеттік тілдегі мәтіндерді тексеруге, редакциялауға және стильдік тұрғыдан түзетуге арналған бағдарламаның мүмкіндіктерін көрсетті.

Осылайша білім алушылар норма шығару қызметін лингвистикалық сүйемелдеудің теориялық негіздерімен қатар, оны практикада жүзеге асырудың заманауи құралымен танысты.

Құқық қорғау органдары
академиясының баспасөз қызметі
Телефон:
+7 (778) 555-25-15
Email:
7340114@prokuror.gov.kz