Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде құқықтық мәдениетті арттыру, азаматтық жауапкершілікті қалыптастыру және заңға құрметті нығайту мәселелері талқыланды. Дөңгелек үстел жұмысына Бас прокуратураның жанындағы Құқық қорғау органдары академиясының профессоры Алмаз Ещанов қатысты.
«Қазақстандағы конституциялық реформаларды іске асырудағы құқықтық білім беру мен құқықтық насихаттың рөлі» тақырыбындағы іс-шара құқықтық ағарту және конституциялық өзгерістерді жүзеге асыру мәселелері бойынша пікір алмасу үшін заң ғылымы мен білім беру саласының өкілдерін біріктірді.
Алмаз Ещанов «Қоғамдағы құқықтық мәдениеттің рөлі» тақырыбында баяндама жасап, азаматтардың құқықтық санасын қалыптастыруда, заңға құрметті нығайтуда және құқықтық мемлекетті дамытуда құқықтық білім беру мен жүйелі ағарту жұмыстарының маңызын атап өтті.
Қатысушылар халықтың құқықтық сауаттылығын арттырудың заманауи тәсілдерін, құқықтық білімді таратудағы білім беру ұйымдарының рөлін және қоғамның құқықтық мәдениетін нығайту үшін ғылыми және педагогикалық қауымдастықтардың өзара іс-қимылын дамыту перспективаларын қарастырды.
Құқық қорғау органдары
академиясының баспасөз қызметі
Телефон: +7 (778) 555-25-15
Email: 7340114@prokuror.gov.kz
