Сөйлеу мәдениеті және оқытушының шеберлігі: Академияда практикалық сабақ өтті

2026 жылғы 20 қарашада Бас прокуратураның жанындағы Құқық қорғау органдары академиясының Педагогикалық шеберлік мектебінде оқытушылар мемлекеттік тілде сауатты әрі мәнерлі сөйлеу тәсілдерін, тілдік қателерді түзету жолдарын және кәсіби қарым-қатынас мәдениетін арттыру әдістерін меңгерді.

«Сөйлеу мәдениеті: тіл тазалығы, кәсіби тіл және оқытушының сөйлеу шеберлігі» тақырыбындағы сабақты академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды ұлттық зерттеу университетінің қауымдастырылған профессоры, филология ғылымдарының кандидаты Қанат Әбуғалиев өткізді.

Қатысушылар педагогикалық сөйлеу тілінің ерекшеліктерін, жиі кездесетін тілдік қателер мен оларды түзету жолдарын, сондай-ақ ойды сауатты, нанымды әрі түсінікті жеткізу тәсілдерін қарастырды. Сөйлеу мәдениетінің оқытушының кәсіби беделіне және білім беру процесінің тиімділігіне әсері де талқыланды.

Іс-шара Академия мен академик Е. А. Бөкетов атындағы Қарағанды ұлттық зерттеу университеті арасындағы ынтымақтастық туралы келісімге сәйкес ұйымдастырылып, педагогикалық шеберлікті дамыту бағытындағы бірлескен жұмыстың жалғасы болды.