2026 жылғы 18-19 қарашада Астанада жоғары білім беруді дамытуға, халықаралық академиялық ынтымақтастықты нығайтуға және кадр даярлаудың заманауи тәсілдерін енгізуге арналған III Халықаралық стратегиялық серіктестер форумы өтті.
Форум жұмысына Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясының бірінші проректоры Сәуле Сапаралиева қатысты.
Іс-шараға мемлекеттік органдардың, жетекші отандық және шетелдік университеттердің, ғылыми ұйымдардың, халықаралық институттар мен дипломатиялық корпус өкілдері, оның ішінде Біріккен Ұлттар Ұйымы Университетінің, Times Higher Education ұйымының және Шанхай ынтымақтастық ұйымының өкілдері қатысты.
Талқылаудың негізгі тақырыптары трансұлттық білім беру, академиялық ұтқырлық, білім беру бағдарламаларының сапасы, ғылыми зерттеулер және жасанды интеллектіні қолдану болды. Сонымен қатар жаңа кәсіби құзыреттерді қалыптастыру және кадр даярлауға инновациялық тәсілдерді енгізу мәселелері қарастырылды.
Форумда зерделенген тәжірибе Академияның білім беру және ғылыми қызметін жетілдіру, сондай-ақ халықаралық ынтымақтастықты дамыту үшін практикалық тұрғыдан маңызды.
Құқық қорғау органдары
академиясының баспасөз қызметі
Телефон: +7 (778) 555-25-15
Email: 7340114@prokuror.gov.kz


