Цифрлық ортадағы қаржы пирамидалары: анықтау мен тергеп-тексерудің жаңа тәсілдері

Цифрлық технологиялар мен интернет-платформаларды пайдаланатын қаржы пирамидаларының заманауи схемалары Бас прокуратураның жанындағы Құқық қорғау органдары академиясында өткен ведомствоаралық практикалық семинарда талқыланды.

Іс-шараға Бас прокуратураның, Ішкі істер министрлігінің, Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігінің өкілдері, сондай-ақ Академияның профессорлық-оқытушылық құрамы қатысты.

Қатысушылар цифрлық ортада қаржы пирамидаларын ұйымдастыру ерекшеліктерін қарастырып, құқық қолдану практикасындағы проблемаларды, мұндай қылмыстарды анықтаудың заманауи әдістерін, тергеу әрекеттерінің тактикасын және тергеп-тексеру барысында цифрлық құралдарды қолдану мәселелерін талқылады.

Семинар құқық қорғау органдары қызметкерлерінің кәсіби құзыреттерін жетілдіруге және қаржы пирамидаларына қарсы іс-қимыл саласындағы ведомствоаралық өзара іс-қимылды нығайтуға бағытталды.

Құқық қорғау органдары
академиясының баспасөз қызметі
Телефон:
+7 (778) 555-25-15
Email:
7340114@prokuror.gov.kz