Қосшы қаласындағы IT-мектеп-лицейде Бас прокуратураның жанындағы Құқық қорғау органдары академиясының магистранттары 7-11 сынып оқушыларымен құқықтық кездесу өткізді. Іс-шара «Құқықтық көмек» жобасы және «Заң мен Тәртіп» идеологиясын ілгерілету аясында ұйымдастырылды.
Оқушыларға нашақорлықтың, буллинг пен кибербуллингтің, лудоманияның, сондай-ақ вейптерді пайдалануға байланысты құқық бұзушылықтардың алдын алу мәселелері түсіндірілді. Кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта үйден тыс жерде жүру тәртібі мен оны бұзғаны үшін көзделген жауапкершілікке де жеке тоқталды.
Қазақстан Республикасының жаңа Халық Конституциясына ерекше назар аударылды. Қатысушыларға онда бекітілген заң мен тәртіп үстемдігін қамтамасыз ету қағидаты, сондай-ақ құқықтық нормаларды сақтау мен әр азаматтың жеке жауапкершілігінің маңызы түсіндірілді.
Оқушылар өмірлік жағдаяттар негізінде заңнаманың жекелеген нормаларын талқылап, өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, магистранттардан жауап алды.
Кездесу оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттыруға, заңға құрметпен қарауды және жауапты азаматтық ұстанымды қалыптастыруға бағытталды.
Құқық қорғау органдары
академиясының баспасөз қызметі
Телефон: +7 (778) 555-25-15
Email: 7340114@prokuror.gov.kz


