Астана қаласының прокуратурасында «Innovation Lab» және «ProLab» жобалары аясында Бас прокуратураның жанындағы Құқық қорғау органдары академиясымен ынтымақтастықты дамыту мәселелері талқыланды.
«ProLab» өңірлік зертханасында профессор Алмаз Ещановтың төрағалығымен жұмыс кеңесі өтті. Оған профессорлар Назарбек Жемпиисов пен Виталий Хан, сондай-ақ магистранттар қатысты.
Қатысушылар бірлескен өнімдерді әзірлеу мәселелерін талқылап, өзекті проблемалар мен оларды шешу жолдары жөнінде пікір алмасты. Сонымен қатар «Innovation Lab» жобасы аясындағы алдағы өзара іс-қимылдың бірыңғай тәсілдерін әзірледі.
Кездесу Астана прокуратурасының ғылыми және қолданбалы зерттеулер жүргізуге, магистрлік диссертацияларды дайындауға және практикалық маңызы бар өнімдерді әзірлеуге қолдау көрсетуге дайын екенін растады.