Академияда прокуратура органдарының қызметіне жасанды интеллектіні енгізу мәселелері талқыланды

Бас прокуратураның жанындағы Құқық қорғау органдары академиясында «Прокуратура органдарының қызметіне цифрлық шешімдер мен жасанды интеллектіні енгізу: тәжірибе және перспективалар» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

Іс-шараға прокуратура органдарының, Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеттің, «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығының өкілдері және Академияның профессорлық-оқытушылық құрамы қатысты.

Қатысушылар прокурорлық қызметте цифрлық технологияларды қолданудың практикалық мүмкіндіктерін талқылады. «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы басқарма төрағасының орынбасары Сандуғаш Кенжебаева QAZGRAMMA кешенінің мүмкіндіктерін таныстырды. Цифрлық үкіметті қолдау орталығының бас директоры Алия Оспанова мемлекеттік басқаруды цифрлық трансформациялау және жасанды интеллектіні енгізу мәселелері жөнінде баяндама жасады.

Дөңгелек үстел қорытындысы бойынша қатысушылар тәжірибе алмасып, прокуратура органдарының қызметінде цифрлық шешімдерді тиімді пайдалану жөнінде ұсынымдар әзірледі. Іс-шара соңында қатысушыларға сертификаттар табысталды.