Академияда Республика күніне орай зияткерлік ойын өтті

Бас прокуратураның жанындағы Құқық қорғау органдары академиясында Қазақстан Республикасының күніне орай «60 секунд» тарихи-танымдық зияткерлік ойыны өтті.

Іс-шара елдің тарихи мұрасын дәріптеуге, патриоттық құндылықтарды нығайтуға және командалық өзара іс-қимылды дамытуға бағытталды.

Сайыс барысында Академия қызметкерлері Қазақстан тарихына қатысты сұрақтарға жауап беріп, білім деңгейін, шапшаң ойлау қабілетін және белгіленген уақыт ішінде командамен жұмыс істеу дағдыларын көрсетті.

Ойын қорытындысы бойынша «Тарих сақшылары» командасы бірінші орынға, «Презумпция интеллекта» командасы екінші орынға, ал «Коллективный разум» командасы үшінші орынға ие болды.

Осындай іс-шаралар тарихи жадты сақтауға, Қазақстанның тарихы мен мемлекеттік құндылықтарына құрметпен қарауды қалыптастыруға ықпал етеді.