Қазақстанның қуатын не айқындайды: күшті мемлекет пе, әлде жауапты қоғам ба? Бұл сұрақ Бас прокуратураның жанындағы Құқық қорғау органдары академиясының магистранттары арасында Қазақстан Республикасы күніне орай өткен академиялық пікірсайыстың негізгі тақырыбы болды.
Зияткерлік сайыс барысында қатысушылар өз ұстанымдарын дәлелдеп, заңнаманы білу деңгейін, талдау қабілетін және кәсіби пікірталас жүргізу дағдыларын көрсетті.
Пікірсайыс қорытындысы бойынша жауапты қоғам идеясын жақтаған МЮ-12 тобының командасы 74 балл жинап, бірінші орынға ие болды. Ал күшті мемлекет идеясын қорғаған МЮ-11 тобының командасы 69 баллмен екінші орын алды.
Үздік спикер болып МЮ-12 тобының магистранты Сажида Сыздықова танылды. Ол өз сөзінде дәлел келтіру шеберлігі мен шешендік қабілетін көрсетті.
Аталған пікіртартыс магистранттардың сыни ойлау және дәлелді пікір айту дағдыларын дамытуға, сондай-ақ патриотизм мен азаматтық жауапкершілік құндылықтарын және «Заң мен тәртіп» қағидатын нығайтуға ықпал етті.


