Жоғары білімді дамыту: Академияның бірінші проректоры форумға қатысты

[su_image_carousel source=»media: 31346,31347,31348″ slides_style=»photo» controls_style=»light» crop=»none» dots=»no» autoplay=»0″ image_size=»full»

Астанадағы Qazaq AI Research University алаңында өткен Жоғары білім беру қызметкерлері күніне арналған форумда жоғары оқу орындарын интернационалдандыру, білім беру бағдарламаларын жаңарту және жасанды интеллектіні оқу процесіне енгізу мәселелері талқыланды.

Бас прокуратураның жанындағы Құқық қорғау органдары академиясының бірінші проректоры Сауле Сапаралиева проректорларға арналған тақырыптық секцияларға қатысты. Онда білім беру мазмұнын дамыту, білім алушылардың білімін бағалау құралдарын жетілдіру және интернационалдандыру көрсеткіштеріне қол жеткізу мәселелері қаралды.

Сондай-ақ қатысушылар жоғары білім беруді цифрлық трансформациялау, ұлттық AI SANA қозғалысын іске асыру және жасанды интеллект технологияларын білім беру мен ғылыми қызметке интеграциялау мәселелерін талқылады.

Форумға қатысу жоғары білім беруді дамытудың заманауи тәсілдерімен танысуға және білім беру процесін жетілдіру бойынша тәжірибе алмасуға мүмкіндік берді.