Астанада Ұлттық конференцияда 2026-2028 жылдарға арналған «Әйелдер, бейбітшілік және қауіпсіздік» жаңа ұлттық жоспарын іске асырудың практикалық тәсілдері талқыланды. Қатысушылар мемлекеттік және қоғамдық институттардың одан әрі жұмыс істеуі мен өзара іс-қимылының негізгі бағыттарын айқындады.
Бас прокуратураның жанындағы Құқық қорғау органдары академиясы мен ЕҚЫҰ-ның Астанадағы бағдарламалар офисі мемлекет қайраткерлерін, Қазақстан Республикасы Құрылтай депутаттарын, мемлекеттік органдардың, халықаралық ұйымдардың, азаматтық қоғамның, құқық қорғау органдарының және сараптамалық қоғамдастықтың өкілдерін біріктірді.
Құжаттың басымдықтары мен оны іске асыру тетіктері басты назарда болды. Тақырыптық сессиялар қауіпсіздік секторындағы әйелдерді ілгерілету, зорлық-зомбылықтың алдын алу және қорғау, әйелдердің бейбітшілік құрылысына қатысуы, киберқауіпсіздікті күшейту және климаттық сын-қатерлерге ден қою кезінде гендерлік аспектіні есепке алу мәселелерін қамтыды. Талқылау БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің 1325 қарарының ережелерін ескере отырып өтті.
Конференция қорытынды қарар жобасын ұсынумен және талқылаумен аяқталды. Әзірленген ұсыныстар мен ұсынымдар гендерлік перспективаны ескере отырып, бейбітшілік пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі шаралардың тиімділігін арттыруға ықпал ететін болады.
Құқық қорғау органдары
академиясының баспасөз қызметі
Телефон: +7 (778) 555-25-15
Email: 7340114@prokuror.gov.kz





