Мектепте жасөспірімдердің құқықтық қауіпсіздігі талқыланды

Бас прокуратураның жанындағы Құқық қорғау органдары академиясының магистранттары Р. Қошқарбаев атындағы №1 мектептің жоғары сынып оқушыларымен кездесіп, кәмелетке толмағандардың құқықтық қауіпсіздігі мен жауапкершілігі мәселелерін талқылады.

Кездесу «Құқықтық көмек» акциясы және «Заң мен тәртіп» идеологиясын іске асыру аясында өтті.Оқушыларға нашақорлық пен лудоманияның алдын алу, буллинг пен кибербуллингтен қорғану, вейптерді пайдалану, кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта көшеде жүруі, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Конституциясының негізгі ережелері түсіндірілді.

Кездесу «сұрақ-жауап» форматында өтіп, нақты жағдайлар талданды. Оқушылар кәмелетке толмағандардың құқықтық қауіпсіздігі мен жауапкершілігіне қатысты өзекті мәселелер бойынша түсініктемелер алды.