Академияда азаптау туралы қылмыстық істерді тергеу курстары өтті

2026 жылғы 7-11 қыркүйек аралығында Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясында қылмыстық қудалау заңдылығын қадағалайтын жұмыс стажы бес жылға дейінгі прокуратура қызметкерлері үшін біліктілікті арттыру курстары өтті.

Курстың тақырыбы — «Азаптау туралы қылмыстық істерді тергеу және қадағалауды жүзеге асыру дағдылары».

Оқыту прокурорлардың азаптау туралы қылмыстық істерді тергеу, осындай фактілерді құжаттау және қылмыстық процеске қатысушылардың конституциялық құқықтарының сақталуын қамтамасыз ету дағдыларын жетілдіруге бағытталды.

Практикалық бөлім қылмыстық істі СТБТ-да (ЕРДР) тіркеуден бастап тергеуді аяқтауға дейінгі тергеу әрекеттерін жүргізу бойынша симуляциялық тренингті қамтыды.

Курстың жаңа элементі қылмыстық істі электронды форматта тергеуді жүргізу болды, бұл оқытуды неғұрлым практикаға бағдарланған және жұмыстың нақты жағдайларына жақындатылған етуге мүмкіндік берді.

Сабақтарды Академияның тәжірибелі профессор-оқытушылар құрамы, Бас прокуратураның Сотқа дейінгі тергеп-тексеру қызметі мен 1-қызметінің қызметкерлері, «Азаптаулардың алдын алу» зерттеуінің авторы, ғылым кандидаты Т.М. Садинов, Алматы облысының адвокаттар алқасының адвокаты А.Е. Таштенов, Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы А.Т. Абулкасимова, сондай-ақ қоғамдық бірлестіктердің өкілдері өткізді.

Қатысушылар лауазымды тұлғалардың процестік шешімдеріне шағым жасауды және бұлтартпау шараларын қолдануды қоса алғанда, құқық қолдану тәжірибесінің өзекті мәселелерін талқылады.

Курс аяқталғаннан кейін тыңдаушыларға сертификаттар табысталды.

Құқық қорғау органдары
академиясының баспасөз қызметі
Телефон:
+7 (778) 555-25-15
Email:
7340114@prokuror.gov.kz