2026 жылғы 10 қыркүйекте Құқық қорғау органдары академиясының Жалпы құқықтық пәндер кафедрасының жобалық кеңсесінде ғылыми ізденістің басталуына арналған Coffee Talk форматындағы кездесу өтті.
Іс-шараға жоғары оқу орнының жетекші ғалымдары — Индира Оралқызы Аубакирова, з.ғ.д. Алмаз Шүкірұлы Ещанов және з.ғ.к. Назарбек Шаруанұлы Жемпиисов сарапшы ретінде қатысты.
Ашық диалог барысында олар өзекті мәселені қалай дұрыс таңдау керектігін, тақырыпты тұжырымдауды және зерттеу идеясынан нақты ғылыми нәтижеге дейінгі жолды құруды түсіндірді, сонымен қатар жаңадан бастаған авторлардың әдеттегі қателіктерін талдады.
Еркін форматтағы кездесу білім алушыларға сарапшыларға тікелей сұрақтар қойып, өз идеяларын ортаға салуға және құнды практикалық ұсынымдар алуға мүмкіндік берді. Мұндай кездесулер Академияда зерттеу мәдениетін тиімді дамытуға ықпал етеді.
Құқық қорғау органдары
академиясының баспасөз қызметі
Телефон: +7 (778) 555-25-15
Email: 7340114@prokuror.gov.kz


