2026 жылғы 9 қыркүйекте Қосшы қаласындағы IT-мектеп-лицейде жоғары сынып оқушыларымен профилактикалық кездесу өтті. Іс-шараны Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясының магистранттары «Құқықтық көмек» жобасы және «Заң мен тәртіп» идеологиясын ілгерілету аясында ұйымдастырды.
Кездесуді Академия магистранттары А.С. Солтанов, А.Ж. Тұрарова, Д.М. Илипбаев және Н.А. Аскаров өткізді. Іс-шараның негізгі мақсаты – жастардың құқықтық сауаттылығын арттыру және заңға бағыну мәдениетін қалыптастыру.
Кездесу барысында магистранттар оқушылармен нашақорлықтың, лудоманияның, буллинг пен кибербуллингтің алдын алу, вейптерді қолдануға байланысты құқық бұзушылықтар, сондай-ақ кәмелетке толмағандардың түнгі уақыттағы жүріп-тұру тәртібін сақтау мәселелерін талқылады. Сонымен қатар Қазақстан Республикасының жаңа Халық Конституциясының ережелеріне, заң үстемдігі мен заң алдында теңдік қағидаттарына, сондай-ақ әрбір жасөспірімнің құқықтық тәртіпті қамтамасыз етудегі жеке жауапкершілігіне ерекше назар аударылды.
Іс-шара сұрақ-жауап форматындағы пікір алмасумен қорытындыланды. Кездесу барысында магистранттар оқушылармен өмірлік нақты жағдайларды және қолданыстағы заңнама нормаларын талқылады.
Құқық қорғау органдары
академиясының баспасөз қызметі
Телефон: +7 (778) 555-25-15
Email: 7340114@prokuror.gov.kz
