Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясында магистратура мен докторантураға түсуге ниетті үміткерлерге арналған Ашық есік күні өтті.
Кездесу барысында Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру институтының басшылығы Академияның білім беру бағдарламаларын таныстырып, оқуға қабылдау талаптары, оқупроцесінің ерекшеліктері және білім алудың артықшылықтары туралы жан-жақты ақпарат берді. Іс-шараға прокуратура органдарының, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің жәнеҚазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігінің өкілдері де қатысты.
Қатысушылар магистратура және докторантура бағдарламалары бойынша даярлау бағыттарымен, қабылдау тәртібімен және оқу үдерісімен танысты. Сондай-ақ олар профессорлық-оқытушылыққұрамға өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, оқу, ғылыми қызмет және кәсіби даму мүмкіндіктері бойынша жан-жақты жауаптар алды.
Ашық есік күні Академия мен әлеуетті тыңдаушылар арасындағы өзара байланысты нығайтуға ықпал етіп, болашақ магистранттар мен докторанттарға Академиядағы жоғары оқу орнынан кейінгі білім алудың мүмкіндіктері туралы толыққанды ақпарат алуға мүмкіндік берді.


