2026 жылғы 15 маусымда Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясында Ұлыбританияның Душанбедегі елшілігінің Орталық Азия бойынша өңірлік бағдарламасының жетекшісі Яш Чандрамен кездесу өтті.
Кездесу барысында қаржылық қылмыстарға қарсы іс-қимыл, активтерді қайтару, киберқылмысқа қарсы күрес және құқық қорғау органдары қызметкерлерінің кәсіби құзыреттерін дамыту саласындағы ынтымақтастық перспективалары талқыланды.
Академия проректоры Айдос Майлыбаев Орталық Азия елдеріндегі жаһандық қатерлерге қарсы іс-қимыл жөніндегі Өңірлік хабтың жұмысын, халықаралық әріптестермен бірлескен жобаларды дайындау мен іске асырудың тәжірибеге бағдарланған әдістерін енгізуді қоса алғанда, мекеме қызметінің негізгі бағыттарын ұсынды.
Қаржылық тергеу мәселелеріне, трансшекаралық қаржылық схемаларды талдауға, цифрлық дәлелдемелерді пайдалануға және крипто активтермен жұмыс істеуге ерекше назар аударылады. Заманауи аналитикалық және цифрлық құралдарды меңгерген мамандарды даярлаудың маңыздылығы атап өтілді.
Тараптар мамандандырылған тренингтерді, сараптамалық консультацияларды және басқа да бірлескен іс-шараларды ұйымдастыру мүмкіндіктерін қарастырды. Кездесу қорытындысы бойынша ынтымақтастықты одан әрі дамытуға өзара мүдделілік расталды.



