2026 жылғы 15–16 маусым күндері Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясында «Қаржылық мониторинг саласында жасанды интеллектті жауапкершілікпен қолдану» тақырыбында семинар өтті.
Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг агенттігінің қызметкерлеріне арналғаніс-шара Астанадағы ЕҚЫҰ Бағдарламалар офисінің қолдауымен ұйымдастырылды.
Семинардың ашылу рәсіміне Академияның проректоры Айдос Майлыбаев, Қаржылық мониторинг агенттігінің Кадр жұмысы департаментінің басшысы Данияр Турганбаев және Астанадағы ЕҚЫҰ Бағдарламалар офисінің экономика және экология мәселелері жөніндегі аға кеңесшісі Нураддин Муршудлу қатысты.
Оқыту барысында ақшаны жылыстатуға және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл саласында жасанды интеллектті қолданудың заманауи тәсілдері қарастырылды. Қатысушылар аномалияларды анықтау, байланыстарды талдау, табиғи тілді өңдеу, тәуекелдерді бағалау және күдікті транзакцияларды талдау мәселелерін зерделеді.
Әсіресе жасанды интеллектті қауіпсіз әрі жауапты пайдалану, деректер сапасын қамтамасыз ету, қолжетімділікті шектеу және шешім қабылдау кезінде сараптамалық бақылаудың негізгі рөлін сақтау мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Секретариаттың ЕҚЫҰ өкілдері ретінде Отабек Рашидов және Ивица Симоновски мазмұнды баяндамалар жасап, күн тәртібіндегі негізгі мәселелер бойынша практикалық ұсынымдар берді.
Іс-шараны өткізу қызметкерлердің кәсіби құзыреттерін дамытуға, талдамалық әлеуетін нығайтуға және қаржылық қылмыстарға қарсы іс-қимылдың заманауи құралдарын енгізуге ықпал етті.


