2026 жылғы 8–12 маусым аралығында Құқық қорғау органдары академиясында қала, аудан прокурорлары және оларға теңестірілген прокурорлар үшін «Көшбасшылық және менеджмент: заманауи тәсілдер» тақырыбында біліктілікті арттыру курсы өтті.
Оқыту басқарушылық құзыреттерді, көшбасшылық қасиеттерді және ұжымды тиімді басқару дағдыларын дамытуға бағытталды. Курстың бағдарламасы басқарушылық шешімдер қабылдау, персоналды басқару, өкілеттіктерді беру, тайм-менеджмент, кәсіби күйзелістің алдын алу және стресс-менеджмент.
Қарым-қатынас дағдыларын дамытуға, келіссөздер жүргізуге, көпшілік алдында сөйлеуге, халықпен өзара іс-қимылға және қайшылықтарды реттеуге ерекше назар аударылды
Жекелеген сабақтар прокурорлық қызметтің өзекті мәселелеріне, «Заң мен тәртіп» идеологиясын іске асыруға, сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама талаптарына, сондай-ақ кәсіби қызметте жасанды интеллект пен цифрлық технологияларды қолдану мәселелеріне арналды.
Сабақтар практикалық кейстерді, топтық пікірталастарды және басқарушылық жағдайларды модельдеуді пайдалана отырып, интерактивті форматта өткізілді. Бұл тыңдаушылардың алған білімдерін бекітуге және қолданбалы дағдыларын дамытуға ықпал етті.
Құқық қорғау органдары
академиясының баспасөз қызметі
Телефон: +7 (778) 555-25-15
Email: 7340114@prokuror.gov.kz


