2026 жылғы 12 маусымда Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясында тыйым салынған, тәркіленген және қайтарылған активтерді басқару жүйесін жетілдіруге арналған дөңгелек үстел өтті.
Талқылауға мемлекеттік органдардың, сот жүйесінің, құқық қорғау құрылымдарының, сондай-ақ халықаралық ұйымдар мен сарапшылық қауымдастықтың өкілдері, соның ішінде ЕҚЫҰ, Бас прокуратура, Жоғарғы Сот, ҰҚК, Қаржылық мониторинг агенттігі, ІІМ, Әділет министрлігі және өзге де құрылымдар қатысты.
Іс-шараны аша отырып, Академияның бірінші проректоры Қалиолла Сейтенов қылмыстық процеске тартылған активтерді тиімді басқарудың маңыздылығын атап өтті.
Дөңгелек үстел аясында Академия жүргізген ғылыми зерттеу нәтижелері ұсынылып, қолданыстағы тетіктер талданды және халықаралық тәжірибені ескере отырып проблемалық мәселелер айқындалды.
Қатысушылар заңнаманы жетілдіру және ведомствоаралық өзара іс-қимылдың тиімділігін арттыру бойынша практикалық ұсыныстармен алмасты.
Қорытындысында құқықтық реттеу мен тыйым салынған және тәркіленген активтерді басқару практикасын одан әрі дамытуға бағытталған кешенді ұсынымдар қалыптастырылды.
Құқық қорғау органдары
академиясының баспасөз қызметі
Телефон: +7 (778) 555-25-15
Email: 7340114@prokuror.gov.kz


