Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясында «Армиядағы суицидтің алдын алу» тақырыбындағы дөңгелек үстел өтті.
Іс-шараға Бас прокуратура, Әскери прокуратура, Қорғаныс министрлігі, өзге де әскери құрылымдар, Денсаулық сақтау министрлігі және Қазақстан Республикасы Ұлттық қорғаныс университетінің өкілдері қатысты.
Дөңгелек үстел қылмыстардың алдын алу және әскери қызметшілер арасындағы суицидтік мінез-құлықтың профилактикасы мәселелеріне арналған ведомствоаралық ғылыми-зерттеу аясында ұйымдастырылды.
Қатысушылар әскери ортадағы суицидтердің себептері мен жағдайларын, қолданыстағы алдын алу шараларының тиімділігін, әскери қызметшілерге психологиялық қолдау көрсету мәселелерін және прокурорлық қадағалау тәжірибесін талқылады. Ведомствоаралық өзара іс-қимылды жетілдіру, суицидтік қауіп-қатерді ерте анықтау жүйесін дамыту және профилактикалық жұмыстың заманауи тәсілдерін енгізу мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Кездесу қорытындысы бойынша суицидтің алдын алу тиімділігін арттыруға, заңдылықты нығайтуға және әскери қызмет қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған ұсыныстар әзірленді.
Құқық қорғау органдары
академиясының баспасөз қызметі
Телефон: +7 (778) 555-25-15
Email: 7340114@prokuror.gov.kz

