2026 жылғы 10 маусымда Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде «Тәуелсіз Қазақстандағы заңдылықтың бастаулары» атты ғылыми семинар өтті. Іс-шара Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 1997–2000 жылдардағы қызметін атқарған, әділет генерал-лейтенанты Юрий Александрович Хитриннің 80 жылдығына арналды.
Іс-шараға Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясының тыңдаушылары мен білім алушылары, Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ студенттері мен докторанттары, сондай-ақ жоғары оқу орындарының профессорлық-оқытушылық құрамы қатысты.
Қатысушыларға Академияның әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасының меңгерушісі Б.Г. Нұрмағамбетов және Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ заң факультеті деканының орынбасары Е.А. Даурембеков құттықтау сөз сөйледі. Сондай-ақ қатысушыларға Ю.А. Хитриннің өмірі мен кәсіби қызметі туралы деректі фильм көрсетілді.
Семинар барысында тәуелсіз Қазақстандағы прокуратура органдарының қалыптасуы, заңдылықты нығайту, кәсіби этика және ұрпақтар сабақтастығы мәселелері талқыланды. Академия мен ЕҰУ өкілдері баяндама жасады.
Қатысушылар Ю.А. Хитриннің прокуратура органдарын дамытуға және тәуелсіз Қазақстанның құқықтық негіздерін қалыптастыруға қосқан үлесін атап өтті. Іс-шара қорытындысы бойынша заңдылықты нығайтудағы және қоғамның құқық қорғау жүйесіне деген сенімін арттырудағы прокурордың рөлі туралы пікір алмасу өтті.


