Цифрландыру жағдайында киберқауіпсіздік пен көші-қон бақылауы мәселелері талқыланды

Құқық қорғау органдары академиясында цифрландыру жағдайында киберқауіптерге қарсы іс-қимыл және көші-қон бақылауын жетілдіру мәселелеріне арналған дөңгелек үстел өтті.

Іс-шараға Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің қызметкерлері, Бас прокуратураның, Ішкі істер министрлігінің, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің, Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінінің өкілдері, «Астана» халықаралық қаржы орталығының мамандары, сондай-ақ ғылыми және сарапшылық қауымдастық өкілдері қатысты.

Қатысушылар киберқауіпсіздік саласындағы өзекті сын-қатерлерді, оның ішінде киберқылмыстың өсуін, дербес деректердің таралуын, SIM-карталардың заңсыз айналымын және цифрлық сервистердің қылмыстық мақсатта пайдаланылуын талқылады. Сонымен қатар көші-қон бақылауы, цифрлық сәйкестендіру және ведомствоаралық деректер алмасу мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Кездесу қорытындысы бойынша заңнаманы одан әрі жетілдіру, цифрлық талдау платформаларын дамыту, дербес деректерді қорғауды күшейту және киберқауіптерді ерте анықтау тетіктерін енгізу қажеттігі атап өтілді.