2026 жылғы 3 маусымда Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясында Академия қызметкерлері, жұмыскерлері, магистранттары мен докторанттары арасында мемлекеттік әділет кеңесшісі 2-сыныптағы Юрий Александрович Хитриннің туғанына 80 жыл толуына арналған шахмат турнирі өтті.
Жарыстың мақсаты – Академияда дене шынықтыру мен спортты дамыту, қызметтік-қолданбалы және ойын спорт түрлерін дәріптеу, салауатты өмір салтын насихаттау, сондай-ақ командалық рухты, психологиялық тұрақтылықты және зейінді шоғырландыру қабілетін нығайту.
Турнирге Академия қызметкерлері, магистранттары мен докторанттары қатысты.
Тартысты әрі қызықты өткен партиялардың қорытындысы бойынша жүлделі орындар төмендегідей бөлінді: І орын – Айдарбеков Ардақ Манарбекұлы, 2-институттың аға ғылыми қызметкері; ІІ орын – Ақшүкеев Тимур Рахметоллаұлы, Академия магистранты; ІІІ орын – Қуанәлиев Ануар Амангелдіұлы, 1-институттың прокурорлық қадағалау кафедрасының аға оқытушысы.
Осындай іс-шараларды өткізу қатысушылардың зияткерлік әлеуетін дамытуға, корпоративтік мәдениетті нығайтуға және стратегиялық ойлау мен талдау қабілеттерін жетілдірудің тиімді құралы ретінде шахмат ойынын кеңінен насихаттауға ықпал етеді.


