Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алудың кешенді тетігі

Құқық қорғау органдары академиясының Ведомствоаралық ғылыми-зерттеу институтының қызметкерлері «Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алудың кешенді тетігі: құқықтық реттеу және ведомствоаралық үйлестіру мәселелері» тақырыбындағы ғылыми зерттеуді іске асыруға кірісті.

Зерттеу аясында «Заң мен тәртіп» идеологемасы шеңберінде кәмелетке толмағандардың құқықтық сауаттылығы негіздері» атты көрнекі оқу құралы әзірленіп, оны білім беру процесіне енгізу мақсатында Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы мен Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігіне жолданды. Аталған құрал 5–11 сынып оқушыларына арналған буллинг мәселелері бойынша практикалық навигатор ретінде әзірленген.

2026 жылғы 21 мамырда Бас прокуратура, ювеналды полиция бөлімшелері, жедел қызметтер, сондай-ақ азаматтық қоғам институттарының өкілдерінің қатысуымен дөңгелек үстел өтті.

Іс-шара барысында кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алудың өзекті мәселелері, заңнаманы жетілдіру, ведомствоаралық өзара іс-қимылды күшейту және профилактикалық жұмыстың тиімділігін арттыру мәселелері талқыланды.

Дөңгелек үстел қорытындысы бойынша кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алуда кешенді тәсілді дамытуға және мүдделі мемлекеттік органдар арасындағы үйлестіруді нығайтуға бағытталған ұсынымдар әзірленді.

Құқық қорғау органдары
академиясының баспасөз қызметі
Телефон:
+7 (778) 555-25-15
Email:
7340114@prokuror.gov.kz