Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясының өкілдері Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің, Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігінің және Астана қаласы прокуратурасының қызметкерлерімен ақпараттық кездесулер өткізді.
Іс-шаралар барысында қатысушыларға магистратура мен докторантураға түсу тәртібі, құжаттарды қабылдау мерзімдері, түсу емтихандарының кезеңдері және кандидаттарға қойылатын біліктілік талаптары түсіндірілді.
Құжаттарды қабылдау мәселелеріне ерекше назар аударылды. Құжаттар биылғы жылдың 1 сәуірі мен 25 шілдесі аралығында қабылданады.
Сонымен қатар қатысушыларға Академияның қызметі, іске асырылып жатқан білім беру бағдарламалары мен даярлау бағыттары туралы ақпарат берілді.
Аталған іс-шаралар Академияның 2026 жылға арналған қабылдау науқаны аясында өткізілуде.
Оқуға түсу шарттары мен білім беру бағдарламалары туралы толық ақпаратпен Академияның ресми сайтында танысуға болады.
