Қазақстан Республикасында жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша дөңгелек үстел

Қазақстан Республикасы Құқық қорғау органдары академиясында «Қазақстан Республикасындағы жол-көлік оқиғаларының себептері мен жағдайлары және жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласындағы прокурорлық қадағалауды жетілдіру» тақырыбындағы ғылыми зерттеу аясында дөңгелек үстел өткізілді.

Талқылауға Бас көлік прокуратурасының, Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің, «ҚазАвтоЖол» ҰК, Ішкі істер министрлігінің өкілдері, ғылыми қауымдастық, IT-компаниялар және көлік қауіпсіздігі саласының сарапшылары қатысты.

Іс-шара барысында жол инфрақұрылымын жетілдіру және мемлекеттік бақылаудың тиімділігін арттыру мәселелері жан-жақты қарастырылды. Сонымен қатар жол қозғалысын мониторингтеудің цифрлық шешімдері мен интеллектуалды жүйелерін енгізудің болашағына ерекше назар аударылды.

Іс-шара қорытындысы бойынша жол-көлік оқиғаларының деңгейін төмендетуге бағытталған бірқатар практикалық ұсыныстар қалыптастырылды. Қатысушылар жол қауіпсіздігін арттыру жүйелі тәсілді талап ететінін және ведомствоаралық өзара іс-қимылды одан әрі нығайтудың маңыздылығын атап өтті.