ХАБАРЛАНДЫРУ

Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясында 8D04201 «Құқықтану» докторантурасының білім беру бағдарламасы бойынша Мадина Орынбаевна Касимованың «Сыбайлас жемқорлық қылмыстардың тергеу профилактикасы және оның тиімділігі» тақырыбында философия докторы (PhD) дәрежесін алу үшін диссертациясы қорғалады.

Диссертацияны ұсыну формасы: диссертациялық жұмыс.

Диссертация Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясының Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру институтының Арнайы заң пәндері кафедрасында орындалды.

Қорғау тілі: орыс тілі.

Диссертациялық кеңестің құрамы: https://academy-gp.edu.kz/?page_id=5891&lang=kk

Диссертациялық кеңестің қосымша уақытша мүшелері:

  • Қазақстан Республикасы Заңнама және құқықтық ақпарат институты қылмыстық, қылмыстық-процестік және қылмыстық-атқарушылық заңнама бөлімінің бас ғылыми қызметкері, заң ғылымдарының докторы, профессор С.М. Рахметов.

Ғылыми кеңесшілер:

  • Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясы Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру институты арнайы заң пәндері кафедрасының профессоры, заң ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор В.В. Хан;
  • «Днепр политехникасы» Ұлттық техникалық университеті жария құқық кафедрасының профессоры, заң ғылымдарының докторы, Украинаның еңбек сіңірген заңгері А.Е. Фоменко.

Ресми рецензенттер диссертацияны қорғауға қабылданған күннен бастап 10 жұмыс күнінен кешіктірілмей тағайындалады.

Қорғау 2026 жылғы 05 маусымда сағат 15.00-де Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясының диссертациялық кеңесінде өтеді.

Мекенжайы: Ақмола облысы, Қосшы қаласы, Республика көшесі, 94-үй.

Сайт: http://academy-gp.edu.kz/

Қорғауға бейнеконференция нысаны арқылы қосылу: https://us04web.zoom.us/j/76330081667?pwd=EwxwZVTx34eDwapRVNXdR6KxswWbUy.1

Құжаттар