Оқыту Академия әзірлеген цифрлық компоненті бар қылмыстарды тиімді тергеуге бағытталған кадрларды даярлаудың көп деңгейлі моделін іске асыру шеңберінде ұйымдастырылған.
Курс барысында құқыққа қарсы қызметтің цифрлық іздерін анықтау, талдау және бекітудің заманауи тәсілдеріне ерекше назар аударылды. Дәстүрлі криминалистика сияқты киберкеңістіктегі қылмыстар міндетті түрде кәсіби анықтау мен процессуалдық растауды қажет ететін із қалдыратыны атап өтілген.
Әлеуметтік желілердің кеңінен таралуын және олардың қылмыстық ортада белсенді пайдаланылуын ескере отырып, қатысушыларға ашық ақпарат көздерімен жұмыс істеудің құқықтық және этикалық аспектілері түсіндірілді. Курс бағдарламасы OSINT негізгі принциптерін де, деректерді іздеу, тексеру және талдаудың жетілдірілген әдістерін де қамтыды.
Алынған білімді іс жүзінде қолдануға ерекше назар аударылады. Тәжірибелік сабақтар шеңберінде тыңдаушылар әлеуметтік желілерден дәлелдемелерді жинау және сақтау, ықтимал күдіктілер мен куәгерлерді анықтау, сондай-ақ цифрлық ортадағы коммуникацияларды мониторингілеу және талдау дағдыларын пысықтады.
Курстың өзектілігі бүгінгі күні ашық ақпарат көздері қылмыстық құқық бұзушылықтарды анықтау, ашу және тергеу кезінде, сондай-ақ іздестіру қызметін жүзеге асыру кезінде маңызды құрал болып табылатындығына байланысты.
Өткізілген оқыту құқық қорғау органдарының қызметкерлерінде киберқылмысқа қарсы іс-қимыл саласындағы базалық және терең құзыреттерді қалыптастырудың жоғары қажеттілігін растады, бұл қазіргі заманғы шындықта қызметтік міндеттерді тиімді орындаудың маңызды шарты болып табылады.
Құқық қорғау органдары
академиясының баспасөз қызметі
Телефон: +7 (778) 555-25-15
Email: 7340114@prokuror.gov.kz


