2026 жылғы 22 сәуірде Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясында жоғары оқу орындарының білім алушылары арасында «Legal Minds» атты алғашқы Республикалық олимпиада өтті.
Іс-шара «Заң мен тәртіп» идеологиясын қоғамда ілгерілету тұжырымдамасын іске асыру аясында, сондай-ақ ведомстволық білім беру сапасын арттыру жылы шеңберінде ұйымдастырылды.
Олимпиаданың мақсаты – дарынды жастарды анықтау және қолдау, кәсіби құзыреттерді дамыту, сондай-ақ студенттердің Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдарында қызмет етуге қызығушылығын арттыру болды.
Интеллектуалдық сайысқа еліміздің жетекші жоғары оқу орындарының командалары қатысып, жоғары деңгейдегі теориялық дайындықты, дамыған құқықтық ойлау қабілетін және практикалық кейстерді шешу барысында командалық жұмыстың тиімділігін көрсетті.
Жеңімпаз атағы үшін барлығы жеті команда бақ сынады.
Қарқынды әрі тартысты жарыс нәтижесі бойынша командалық есептегі жүлделі орындар келесідей бөлінді:
1 орын — «Lex et Ordo: Заң және тәртіп» командасы (әл-Фараби атындағы ҚазҰУ)
2 орын — «Алаш Жастары» командасы (Alikhan Bokeikhan University)
3 орын — «Қорқыт сақшылары» командасы (Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті)
Жеке есептің нәтижелері:
1 орын — «Invictus» (Қайдар Алдияр Манарбекұлы, Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Қостанай өңірлік университеті);
2 орын — «Invictus» (Шуақпаев Руслан Ермекович, Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Қостанай өңірлік университеті);
3 орын — «Алаш Жастары» (Серікбаев Есім Талантұлы, Alikhan Bokeikhan University).
Жеңімпаздар мен жүлдегерлер дипломдармен салтанатты түрде марапатталып, олардың жоғары дайындық деңгейі мен кәсіби дамуға деген ұмтылысы расталды.
«Legal Minds» олимпиадасы білім мен тәжірибе алмасуға арналған маңызды алаңға айналып, заңға қызмет етуге және азаматтардың құқықтарын қорғауға бағытталған болашақ мамандардың жоғары әлеуетін айқын көрсетті.
Құқық қорғау органдары
академиясының баспасөз қызметі
Телефон: +7 (778) 555-25-15
Email: 7340114@prokuror.gov.kz

















