Бас прокуратура жанындағы Құқық қорғау органдары академиясының аға оқытушылары Н.С. Сұлтанов пен А.Р. Ғабдықапаров «Заң мен тәртіп»идеологиясы аясында «Тұран-Астана» университетінің Заң факультетінің студенттерімен кездесу өткізді.
Іс-шара барысында құқықтық сауаттылықты қалыптастыру, заңды құрметтеу және қоғамдық тәртіптің маңыздылығын түсіну мәселелеріне назар аударылды. Қорқыту, аңду, кибербуллинг, есірткіні пайдалану және басқа да әлеуметтік қауіптердің жағымсыз салдары нақты мысалдар арқылы түсіндірілді.
Сондай-ақ студенттерге Академияға түсу тәртібі және құқық қорғау саласында кәсіби жетілу мүмкіндіктері туралы ақпарат берілді.
Кездесу қорытындысы бойынша жастар арасында заң сақтаудың және құқықтық мәдениетті дамытудың маңыздылығы атап өтілді.
