Әскери қылмыстық құқық бұзушылықтардың алдын алу мәселелері Академияда талқыланды

2026 жылғы 3 сәуірде Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясында докторанттарға арналған «Әскери қылмыстық құқық бұзушылықтардың алдын алу мәселелері» тақырыбында бинарлық дәріс өтті.

Дәрісті Академияның Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру институтының доценті, заң ғылымдарының кандидаты, кіші әділет кеңесшісі Динара Талғатқызы Амуртаева жүргізді. Сарапшы ретінде Бас әскери прокурор Аппараты басшысының орынбасары, әділет полковнигі, заң ғылымдарының кандидаты Данияр Жұмағатұлы Мұқанов қатысты.

Дәріс барысында әскери қылмыстық құқық бұзушылықтардың негізгі себептері мен жағдайлары қарастырылып, қолданыстағы заңнаманың тиімділігі бағаланды, сондай-ақ психологиялық диагностика, тәлімгерлік және тәрбиелік жұмысты қамтитын ерте профилактика шаралары талданды.

Тақырып тыңдаушылардың үлкен қызығушылығын тудырды. Талқылау барысында докторанттар белсенді түрде сұрақтар қойып, лекторлар оларға жан-жақты жауап беріп, қарастырылған мәселелердің практикалық маңыздылығын атап өтті.

Құқық қорғау органдары
академиясының баспасөз қызметі
Телефон:
+7 (778) 555-25-15
Email:
7340114@prokuror.gov.kz