2026 жылғы 27 наурызда Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің қызметкерлеріне арналған семинар өтті. Іс-шара «Заң мен тәртіп» идеологемасы аясында Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру институтының оқытушылары Амуртаева Д.Т. және Карымсакова А.С. тарапынан ұйымдастырылды.
Негізгі назар цифрландыру жағдайында және онлайн-бәс тігулердің қолжетімділігі артып отырған кезеңде мемлекеттік қызметшілердің кәсіби сенімділігіне кері әсер ететін фактор ретінде лудомания мәселесіне аударылды.
Тәуелділіктің қалыптасуының психологиялық тетіктері, оның когнитивтік функцияларға, эмоциялық жағдайға және қызметтік міндеттерді орындауға әсері қарастырылды. Сонымен қатар, заңнамалық шектеулерге, тәртіптік жауапкершілік шараларына және құмар ойындарға қатысуды өзін-өзі шектеу құралдарына ерекше мән берілді.
Лудоманияның алдын алуға бағытталған кешенді тәсіл тұлға мен мемлекеттік қызмет үшін тәуекелдерді азайтуға, қаржылық тәртіпті нығайтуға, әдеп нормаларын сақтауға және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге ықпал ететіні атап өтілді.
