Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі ғылыми зерттеулердің нәтижелері таныстырылды

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың өзекті мәселелеріне арналған ведомствоаралық ғылыми зерттеулердің нәтижелерін таныстыру өтті. Іс-шара құқық қорғау органдарындағы ведомстволық білім беру сапасын арттыру жылы аясында және «Заң мен тәртіп – тұрақтылық пен прогрестің негізі» идеологемасын іске асыру шеңберінде ұйымдастырылды.

Құқық қорғау органдары академиясының Ведомствоаралық ғылыми-зерттеу институтының авторлық ұжымдары ұлттық заңнаманы және құқық қолдану тәжірибесін жетілдіруге бағытталған екі ғылыми жұмысты ұсынды. Іс-шараға Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің, Ұлттық қауіпсіздік комитеті Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің және Мемлекеттік басқару академиясының өкілдері қатысты.

Бірінші жұмыс ықпал саудасын криминализациялау мәселелеріне арналған. Онда халықаралық тәжірибеге талдау жасалып, шетелдік модельдерге салыстырмалы баға берілген және оларды Қазақстанның құқықтық жүйесінің ерекшеліктерін ескере отырып бейімдеу бойынша ұсыныстар әзірленген.

Екінші жұмыс сыбайлас жемқорлық туралы хабарлаған тұлғаларды қорғау тетіктерін қарастырады. Зерттеуде халықаралық стандарттар мен үздік тәжірибелер талданып, қолданыстағы проблемалар айқындалған және құпиялылық кепілдіктерін күшейту мен цифрлық шешімдерді енгізу бойынша шаралар ұсынылған.

Ұсынылған ғылыми еңбектер қатысушылар тарапынан практикалық маңыздылығы үшін жоғары бағаланды. Зерттеу нәтижелері нормашығармашылық қызметте пайдаланылуы мүмкін екені және сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың тиімділігін арттыруға, сондай-ақ қоғамның мемлекеттік институттарға деген сенімін нығайтуға ықпал ететіні атап өтілді.

Құқық қорғау органдары
академиясының баспасөз қызметі
Телефон:
+7 (778) 555-25-15
Email:
7340114@prokuror.gov.kz