Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитетінде ғылыми зерттеу нәтижелерінің таныстырылымы туралы

Құқық қорғау органдарында ведомстволық білім беру сапасын арттыру жылы аясында және «Заң мен тәртіп – тұрақтылық пен прогрестің негізі» идеологемасын іске асыру шеңберінде Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитетінде Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы жанындағы Құқық қорғау органдары академиясының Ведомствоаралық ғылыми-зерттеу институты авторлық ұжымымен дайындалған «Жастар арасында есірткіге тәуелділіктің таралуының алдын алу» атты монографияның таныстырылымы өтті.

Ғылыми еңбек есірткіге тәуелділіктің алдын алу мәселелеріне арналған және осы салада заманауи әрі тиімді шешімдер әзірлеуге бағытталған ведомствоаралық зерттеудің нәтижесі болып табылады.

Іс-шараға Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитетінің басшылығы мен қызметкерлері қатысып, ғылыми және практикалық нәтижелерді талқылауға бағытталды.

Авторлар жастар ортасында есірткіге тәуелділіктің таралуына әсер ететін факторларға талдау жасап, тәуекелдерді ерте анықтауға және жастардың әртүрлі санаттарымен нысаналы жұмыс жүргізуге басымдық беретін жүйелі тәсілдің қажеттілігін атап өтті. Ұсынылатын шаралардың ғылыми негізделуі мен практикалық бағыттылығы ұштасқан жағдайда ғана тұрақты нәтижеге қол жеткізуге болатыны көрсетілді.

Профилактиканың көпдеңгейлі моделіне ерекше назар аударылды. Ол жалпыға бірдей шараларды, тәуекел топтарына арналған нысаналы тәсілдерді және ерте араласуды қамтиды. Сонымен қатар өмірлік дағдыларды дамыту, өзін-өзі реттеу және сыртқы әсерлерге төзімділікті қалыптастыру бағдарламалары айқындалды.

Ұсынылған ғылыми еңбек жүйелі қорытындылар мен практикалық бағытталған шешімдерді қамтитын жұмыс ретінде оң бағаланып, жастар арасында есірткіге тәуелділіктің алдын алу жүйесін одан әрі жетілдіруде қолдануға ұсынылды.

Құқық қорғау органдары
академиясының баспасөз қызметі
Телефон:
+7 (778) 555-25-15
Email:
7340114@prokuror.gov.kz