Тиімді диалог: докторанттардың Академияның Диссертациялық кеңесімен кездесуі

2026 жылғы 18 наурызда Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясында докторанттар мен докторантура түлектерінің Диссертациялық кеңестің төрағасы және мүшелерімен кездесуі өтті.

Іс-шара Диссертациялық кеңестің қызметін реттейтін негізгі талаптарды, сондай-ақ докторлық диссертацияларды ұсыну және қорғау рәсімдерін түсіндіруге бағытталды. Кездесу барысында қатысушыларға ғылыми жұмыстардың мазмұны мен рәсімделуіне қойылатын талаптар, оларды алдын ала қарау тәртібі және қорғауға жіберу кезеңдері жан-жақты түсіндірілді.

Диссертациялық кеңестің төрағасы академиялық адалдық қағидаларын сақтау, белгіленген рәсімдер мен жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру саласындағы нормативтік құқықтық актілер талаптарын қатаң ұстану мәселелеріне ерекше назар аударды.

Кездесу аясында докторанттар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, диссертация дайындаудың практикалық аспектілерін талқылап, білікті түсіндірмелер алды.

Осындай кездесулер докторанттардың ақпараттану деңгейін арттыруға, Диссертациялық кеңеспен өзара іс-қимылды нығайтуға және ғылыми зерттеулерді сәтті қорғауға қолайлы жағдай жасауға ықпал етеді.

Құқық қорғау органдары
академиясының баспасөз қызметі
Телефон:
+7 (778) 555-25-15
Email:
7340114@prokuror.gov.kz