Академияның докторанттары Тбилиси мемлекеттік университетінде шетелде тағылымдамадан өтті

Халықаралық ынтымақтастықты дамыту аясында Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясының докторанттары 2026 жылғы 2-15 наурыз аралығында Иване Джавахишвили атындағы Тбилиси мемлекеттік университетінің заң факультетінде халықаралық ғылыми тағылымдамадан өтті.

Тағылымдама бағдарламасы ғылыми-зерттеу құзыреттіліктерін дамытуға, заманауи шетелдік теориялық және әдістемелік тәсілдерді зерделеуге және халықаралық академиялық өзара іс-қимылды нығайтуға бағытталған.

Тәжірибе барысында докторанттар кітапхана қорларымен және халықаралық ғылыми деректер базаларымен жұмыс жасады, ғылыми-танымдық іс-шараларға қатысып, профессорлық-оқытушылар құрамымен кеңестер алды. Грузияның академиялық және сарапшылық қоғамдастығының өкілдерімен, оның ішінде Жоғарғы Сот және Парламентпен кездесулер маңызды рөл атқарды, онда олар заң ғылымының дамуы мен құқық қолдану тәжірибесін талқылады.

Осындай шетелдік тағылымдамаларды өткізу академиялық ұтқырлықты дамытуға, халықаралық ғылыми ынтымақтастықты нығайтуға және  құқық қорғау органдарының ведомстволық білім беру сапасын арттыру жылы шеңберінде жоғары білікті кадрларды даярлауға ықпал етеді.

Құқық қорғау органдары
академиясының баспасөз қызметі
Телефон:
+7 (778) 555-25-15
Email:
7340114@prokuror.gov.kz