Қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі құқықтық мәдениеттің рөлі

Қосшы қаласы әкімдігінің Жастар ресурстық орталығы «Заң мен тәртіп» идеологиясын ілгерілету аясында төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлерімен «Конституциялық реформа – қауіпсіз қоғамның кепілі» тақырыбында кездесу ұйымдастырды.

Іс-шараға Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясы Жалпы заң пәндері кафедрасының меңгерушісі Артур Баймаханов қатысты. Ол қатысушыларға заң үстемдігі қағидаттары, азаматтық жауапкершілік және жеке құқықтарды қорғау мәселелері бойынша ақпарат берді. Сондай-ақ цифрлық ортадағы заманауи қауіп-қатерлерге және қоғамда құқықтық мәдениетті қалыптастырудың маңыздылығына ерекше назар аударылды.

Диалог алаңы төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлеріне өздерін қызықтырған сұрақтарды қойып, құқықтық саланың өзекті бағыттары бойынша жауаптар алуға мүмкіндік берді. Талқылау ашық әрі конструктивті форматта өтті.

Кездесу қорытындысы бойынша Артур Баймахановқа Қосшы қаласы әкімдігінің Жастар ресурстық орталығы тарапынан конституциялық реформаларды түсіндіруге белсенді қатысқаны, құқықтық мәдениетті арттыруға қосқан үлесі және ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізгені үшін алғыс хат табысталды.

Құқық қорғау органдары
академиясының баспасөз қызметі
Телефон:
+7 (778) 555-25-15
Email:
7340114@prokuror.gov.kz