Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясында Қарағанды облысындағы түзеу мекемелерінде жазасын өтеп жатқан сотталғандармен тыңдаушылардың онлайн-кездесуі өтті. Іс-шара Қарағанды облысының прокуратурасымен бірлесіп, «Заң мен тәртіп» тұжырымдамасын іске асыру аясында өткізілді. Ол болашақ қызметкерлердің құқық бұзушылық жасағаны үшін жауапкершіліктің бұлтартпастығы қағидатын терең түсінуін қалыптастыруға бағытталды. «Заң мен тәртіп» тұжырымдамасын іске асыру аясында ұйымдастырылып, болашақ қызметкерлерде құқық бұзушылық жасағаны үшін жауапкершіліктің бұлтартпастығы қағидатын тұрақты түсінуді қалыптастыруға бағытталды.
Кездесудің негізгі мақсаты – тыңдаушылардың заңнаманы сақтауға саналы әрі жауапты көзқарасын қалыптастыру, құқықтық сана мен құқықтық мәдениетті нығайту, сондай-ақ қылмыстардың, оның ішінде есірткі құралдарының заңсыз айналымына және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарына байланысты құқыққ ақарсы әрекеттердің алдын алу.
Диалог барысында қатысушылар қылмыс жасаудың себептері мен жағдайларын, құқыққа қарсы мінез-құлықтың мотивациясын, жасалған қылмыстардың сотталғандардың жеке өміріне және олардың отбасыларына әсерін, сондай-ақ қоғам үшін туындайтын әлеуметтік салдарын талқылады. Ашық пікір алмасу форматы нақты өмірлік мысалдар арқылы құқыққа қарсы әрекеттердің шынайы салдарын көрсетуге, тәрбиелік және профилактикалық әсерін күшейтуге, сондай-ақпрокуратура органдарының болашақ қызметкерлерінің кәсіби дайындығын арттыруға мүмкіндік берді.
Осындай іс-шараларды өткізу тыңдаушылардың заңдылықты сақтау мәселелерінде қағидатты ұстаным қалыптастыруына, құқық бұзушылықтарды талдау дағдыларын дамытуға және Қазақстан Республикасында қылмысқа тиімді қарсы тұрып, заң үстемдігін қамтамасыз етуге қабілетті кадрларды даярлауға ықпал етеді.


