Ағымдағы жылдың 2 наурызында «Құқықтық көмек» жобасын және «Заң мен тәртіп» идеологиясын іске асыру шеңберінде Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясының магистранттары Қосшы қаласының № 2 орта мектебінің жоғары сынып оқушыларымен профилактикалық кездесу өткізді.
Кездесу барысында жасөспірімдердің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған өзекті мәселелер — буллинг және кибербуллинг, есірткі құралдарын тарату және пайдалану, жастарды дропперлікке тарту, сондай-ақ тұрмыстық зорлық-зомбылық проблемалары қарастырылды. Оқушыларға заңға қайшы әрекеттердің құқықтық салдары, өз құқықтарын қорғау тетіктері және көмекке жүгіну алгоритмдері түсіндірілді.
Іс-шара ашық диалог форматында өтіп, оқушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, білікті түсіндірмелер алды.
Өткізілген кездесу жастар арасында құқықтық мәдениет пен сауаттылық деңгейін арттыруға, сондай-ақ заңға және құқықтық тәртіп қағидаттарына құрмет сезімін қалыптастыруға бағытталған.
Құқық қорғау органдары
академиясының баспасөз қызметі
Телефон: +7 (778) 555-25-15
Email: 7340114@prokuror.gov.kz
